Жаңалықтар

Семсерлесуден Әлем кубогының кезеңіне қатысатын спортшылар белгілі болды

16.05.2025 20:42 1046
Семсерлесуден Әлем кубогының кезеңіне қатысатын спортшылар белгілі болды

Қылышпен айқасудан Мадридте өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын Қазақстанның ерлер құрамасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, ауқымды халықаралық турнирде ел намысын төрт спортшы қорғайды. Жүлде үшін Артём Саркисян, Саттархан Назарбай, Бақдәулет Құралбекұлы және Жанат Нәбиев бақ сынайды.

Әлем кубогының кезеңі 23 мамырда басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға