Жаңалықтар

Семсерлесу: алғаш рет Париж олимпиадасының төрт лицензиясы бұйырды

Семсерлесу: алғаш рет Париж олимпиадасының төрт лицензиясы бұйырды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 24.03.2024 14:05 545

Семсерлесуден Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жолдамаға иелік еткендер:

Руслан Құрбанов

Вадим Шарлаимов

Ерлік Сертай

Эльмир Әлімжанов

Командалық жолдаманың арқасында 3 спортшымыз автоматты түрде жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласады.

Бұл 1/8 финалда Оңтүстік Корея спортшылары Чехиядан жеңілуі арқасында мүмкін болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы рейтингте ТОП-4 мемлекеттің қатарына кіріп, тікелей лицензия бұйырды.

Бұған дейінгі Олимпиададағы көрсеткішіміз:

1996 жыл. 1/16 финал. Вячеслав Григорьев

2012 жыл. 1/16 финал. Дмитрий Алексанин

2012 жыл. 1/8 финал. Эльмир Әлімжанов

2016 жыл. 1/16 финал. Илья Мокрецов

2021 жыл. 1/8 финал. Руслан Құрбанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға