Жаңалықтар

Семейге "Сергек" қаптайды

Олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейтін болады.
Семейге "Сергек" қаптайды
Фото: ашық дереккөзден 27.09.2022 06:20 1346

Семейде бір жарым мыңнан астам "Сергек" орнатылады. Олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейтін болады, деп хабарлайды EL.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Қала тұрғындары 1 қазаннан бастап жылдамдықты асыру, белгілеуді кесіп өту және бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін айыппұлды электронды түрде ала бастайды. Барлық заңбұзушылықтар бірыңғай орталыққа беріледі. 

Айта кетейік, Семей еліміз бойынша «Сергек» жүйесі енгізілген төртінші қала болмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға