Жаңалықтар

Семейдегі Шәкәрім атындағы университке жаңа ректор тағайындалды

Семейдегі Шәкәрім атындағы университке жаңа ректор тағайындалды
Фото: gov.kz 01.07.2023 21:49 902

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің – Shakarim University ректоры болып Думан Орынбеков тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа басшыны ұжымға ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев таныстырды. 

Думан Орынбеков 1983 жылы Шығыс-Қазақстан облысында дүниеге келді. Шәкәрім атындағы университеттің түлегі, «инженер-механик» мамандығы бойынша оқыған.

Жұмыс өтілін 2008 жылы өзінің альма-матерінде Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары кафедрасының аға оқытушысы болып бастаған.
2011-2012 жж. – Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің басшысы.
2012-2019 жж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінің басшысы.
2019 ж. қаңтардан қарашаға дейін – «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары.
2019-2020 жж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылым және инновация департаментінің директоры.
2020-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төраға орынбасары.
2022 ж. қазан айынан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитетінің төраға орынбасары болды.

Техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми атағы бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға