Жаңалықтар

Семейдегі өрт. Шығынды арнайы комиссия есептейді

Семейдегі өрт. Шығынды арнайы комиссия есептейді
Фото: Ақорда 12.06.2023 06:21 821

Абай облысындағы алапат орман өртінің шығын көлемін арнайы комиссия анықтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді.

Арнайы комиссия құрылады. Үлкен жұмыс күтіп тұр, біз оны мүмкіндігінше қысқа мерзімде жасаймыз. Тиісті комиссия жұмысына өрт сөндірілгеннен кейін кіріседі. Себебі өрт әлі ауыздықталған жоқ. Десекте қазірдің өзінде шығынның ауқымды болатынын аңғаруға болады. Семей орманындағы өрт еліміздегі ең ірі табиғи апаттың бірі шығар, – деді Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова.

Айта кетсек, Абай облысындағы орман өрті фактісі бойынша Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға