Жаңалықтар

Семейдегі көпірдің астында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Семейдегі көпірдің астында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Фото: Абай облыстық әкімдігі 16.07.2023 00:10 719

Абай облысы орталығы Семей қаласының сол жағалауындағы жаңа заманауи қоғамдық кеңістік қолданысқа берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. Аспалы көпір астында муралдар бейнеленіп, спорттық алаңдар орнатылды. 

Оқи отырыңыз:

Көпір асты алаңы бірнеше бөлікке бөлініп, онда воркаут алаңы, фитнес аймағы, балалар ойын алаңдарынан тұрады. Көрермендерге арналған 2 трибуна орнатылған. Жаңа қоғамдық кеңістік әртүрлі көркемдік элементтермен, қабырға суреттерімен толтырылған, бұл көпір аймағына эстетикалық көрініс береді. Аяқталған өнер туындыларының ауданы 1850 м2 құрайды, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ, жарықтандыру мен тас жабынын төсеу жұмыстары да жүргізілді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға