Жаңалықтар

Семейдегі көпірде тұрған жасөспірім құтқарылды

Семейдегі көпірде тұрған жасөспірім құтқарылды
Фото: Polisia.kz 03.03.2024 16:35 349

3 наурызда 112 шұғыл арнасына көпірден секіру туралы нақты оймен 17 жасар жасөспірімнен қоңырау түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқару қызметінің операторы баламен келіссөздер жүргізіп жатқанда, аталған жерге патрульдік полиция батальонының экипаж қызметкерлері Дамир Ахметқалиев пен Раймбек Есенғалиев келді. Үш минуттан ішінде полицейлер оқиға орнында жетті, Раймбек ақырын келіп, баланы алып үлгерді. 

"Қалайсың? Не болды? Кеттік, кеттік, кеттік, бәрі жақсы болады",- деді полиция қызметкері жігітті серіктесіне тапсырып. 

Осы уақытта жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға