Жаңалықтар

Семейде тұрғындардың зәресін алған «елес» қыз қолға түсті

Семейде тұрғындардың зәресін алған «елес» қыз қолға түсті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 05.10.2023 06:03 741

Семейде «елес» қыз ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға жексенбі күні кешке қаладағы жерасты өткелдерінің бірінде болған. 22 жастағы қыз «елестің» костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан.

Полицейлер қоғамдық орында қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, сырт келбетімен өтіп бара жатқандарды шошытып жүрген тұрғынды анықтады.

Оның үстінен ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін материал жиналды, - деп түсіндірді полицейлер.

Сот шешімімен қыз кінәлі деп танылып, 69 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Семей қаласы полиция басқармасы облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтап, қала тұрғындарының тыныштығын бұзбауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға