Жаңалықтар

Семейде өрт сөндірушілерге арналған баннер пайда болды

Семейде өрт сөндірушілерге арналған баннер пайда болды
Фото: Видеодан кадр 20.06.2023 09:45 1243

Семейдегі көп қабатты үйлердің бірінде өрт сөндірушілерге алғыс сөзі жазылған үлкен баннер пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Семейдің орталық бөлігінде орналасқан көп қабатты ғимараттың қабырғасына өрт сөндірушілерге арналған үлкен баннер ілінді. Суретте «Семей орманы» резерватында болған өртті сөндіру кезінде түсірілген өрт сөндіруші бейнеленген.

Батырларымызға мың алғыс! – деп жазылған.

Семейде өрт сөндірушілерге арналған баннер пайда болды

8 маусым күні Абай облысындағы «Семей орманы» ӨСБ-де басталған өрт тез тарап, 60 мың гектар көлемінде жер аумағын қамтыған. 15 маусымда өрт оқшауланғанымен, оны сөндіру шаралары әлі күнге дейін жалғасуда.

Өкінішке қарай, қызыл жалыннан 15 адам қаза тапты. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Абай облысында орман өрттерінен қаза тапқандардың отбасыларына Семейден жаңа пәтерлер берілді.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бүгін өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына, сондай-ақ тракторшы Архиповтың отбасына Семейден жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға