Жаңалықтар

Семейде мүмкіндігі шектеулі жандарға 5 арнайы жүріп-тұру құралы табысталды

Семейде мүмкіндігі шектеулі жандарға 5 арнайы жүріп-тұру құралы табысталды
12.11.2023 13:27 678

Абай облысында «Dos Ortopedia» брендінің мүгедектерді қолдау аясында өткізген қайырымдылық акциясының нәтижесінде Абай облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға 5 арнайы жүріп-тұру құралы табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтме жасап. 

Аталған іс-шараға облыстың арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтары, мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қор, жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектігі бар жандар қатысты.

Арнайы ұйымдастырылған іс-шаара барысында қазақстандық брендтің басшысы Төремұрат Төлегенов жиналғандарды компанияның негізгі қызметімен таныстырып, өз өнімінің тұсаукесерін жасады. Бренд жетекшісі мүгедектігі бар жандарға әрқайсысының диагноздарын зерделеп, олардың ерекшеліктерін ескере отырып, сол адамға ыңғайлы арбаларды таңдауға көмектерін көрсетінін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға