460.87
501.56
6.57

Семейде кандидат Жигули Дайрабаевтың өңірлік штабы ашылды

Жигули Дайрабаевтың 222 штабы 164 ауылдық ауданда және 37 облыстық деңгейдегі қалада жұмыс істейді
"Ауыл" партиясы
Фото: "Ауыл" партиясы 22.10.2022 17:28 861

Семейде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Молдахалықұлы Дайрабаевтың өңірлік штабы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды El.kz

Штабтың ашылу салтанатына «Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы С. Байғалиев, «Ауыл» партиясы жастар қанатының төрағасы А. Қайратова және партияның белсенді мүшелері қатысты.

«Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы С. Байғалиев құттықтау сөз сөйледі.

«Өздеріңіз білетіндей, 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Бір айға жуық уақытқа созылатын үгіт-насихат науқаны басталды. Бұл өте маңызды оқиға. Біз үшін жемісті жұмыс», – деді С. Байғалиев.

«Ауыл» партиясы Жастар қанатының төрағасы А. Қайратова өз сөзінде Абай облысында сайлау науқанын өткізу жоспары туралы айтты.

«Өңірлік штаб құрамында 13 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, барлық ауданда 5 белсендіден 8 штаб ұйымдастырылды. Өңірдің қоғамдық штабында барлығы 53 адам жұмыс істейді. Алдыңғы сайлаумен салыстырғанда дайындық қарқыны екі есе өсті. Біздің қоғамдық штабтар үгіт-насихат жұмыстарына қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілген. Олардың әрқайсысының өз кеңсесі, көлігі, кеңсе техникасы, партия атрибутикасы және үгіт барысында пайдаланылатын материалдары бар», – деп бөлісті А. Қайратова.

Жигули Дайрабаевтың 222 штабы 164 ауылдық ауданда және 37 облыстық деңгейдегі қалада жұмыс істейді. Барлық қоғамдық штаб үгіт-насихат жұмыстарына қажетті заттармен толық қамтамасыз етілген.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар