Жаңалықтар

Семейде ірі сауда үйі өртеніп кетті

Семейде ірі сауда үйі өртеніп кетті
Фото: © Pixabay.com 06.02.2024 09:41 672

Семейде ірі киім базары өртке оранды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сауда орнында түнгі сағат 3.00 шамасында өрт шыққан. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатыр.

Полиция қызметкерлері арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да оқиғалардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында кезекшілік етуде, - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.

Өрттің жалпы ауданы айтылмады. Тілсіз жаудың неден шыққаны да әзірге белгісіз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға