Жаңалықтар

Семейде газдан уланған 2 адам ауруханаға түсті

Семейде газдан уланған 2 адам ауруханаға түсті
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 03.03.2024 10:42 419

Қатты отын пешінің дұрыс жұмыс істемеуінен тұрғындар улы газдан уланып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

3 наурыз сағат 06-10-да Семей қаласындағы Строительный аулында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пештің мұржасынан ақау шығуына байланысты көміртегі тотығымен уланып, 2 адам ауруханаға жатқызылды. 

Уланудың алдын-ала себебі-жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу. 

Абай облысы ТЖД жеке құрамынан 1 адам және 1 бірлік тех.жұмылдырылды.

ТЖМ келесі ережелерді сақтауды сұрайды:

  • пештер мен каминдерді ережелерге сәйкес пайдалану;
  • мұржаларды уақытылы тазарту және желдеткіш жүйесінің жұмысын жүйелі түрде тексеру;
  • пештер мен каминдерді орнату мен жөндеуді мамандарға тапсыру.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға