Жаңалықтар

Семейде автобуста әйел адамға тиіскен ер адам ұсталды

Семейде автобуста әйел адамға тиіскен ер адам ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 17.09.2023 15:55 514

Семейде қоғамдық көлік ішінде әйел адамға қырындап, тиіспек болған ер адамды полиция ұстады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Р ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында облыс орталығы тұрғынының өзіне автобуста тиіспек болған адамға қатысты жарияланымы анықталды. Абай облысының полицейлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті Семей қаласының 35 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ол қолға түсіп, полиция бөліміне жеткізілді, -деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Аталған дерек бойынша ер адам ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға