Жаңалықтар

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті
Фото: © Pixabay.com 28.01.2024 16:49 435

Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастырумен жергілікті тауар өндірушілер мен қаланың көтерме саудагерлерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы Semeynews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жәрмеңкеде Абай облысының 20 азық-түлік өндіруші кәсіпорыны мен көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынды. Онда жеміс-көкөніс, сүт, азық-түлік және ұн өнімдері бар, олар өндірушілер мен көтерме сауда бағасымен сатылды. Сондай-ақ сатып алушыларға концерттік бағдарламалар, қойылымдар ұсынылды.

Жәрмеңкеге өңірдің бірқатар өнім өндірушісі қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға