Жаңалықтар

Семейде 13 жасар қыз үйінен шығып, қайтып оралмаған

Семейде 13 жасар қыз үйінен шығып, қайтып оралмаған
Фото: Абай облыстық ПД 24.02.2024 00:21 1058

Семейде 2011 жылы дүниеге келген жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті. 13 жасар қыз 23 ақпанда сағат таңғы 10.00 шамасында Восточный правый 4287 мекенжайындағы үйден белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысының Полиция департаменті тұрғындардардан қазіргі уақытқа дейін орналасқан жері белгісіз, хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған Наргиз Бағдатбекованы іздестіру жұмымыстарына жәрдемдесуді сұрайды.  

Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 150-155 см. арық денелі.

Киген киімі: қысқа қара күртеше, қара бас киім, қара шалбар, аяғында қара түсті аяқ киім, қара түсті рюкзак.

Егер суреттегі жасөспірімнің қайда екенін көрген-білгендер болса, 102 нөміріне хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға