Жаңалықтар

Семейде 1200 текше метрден астам су сорылды

Семейде 1200 текше метрден астам су сорылды
Фото: ҚР ТЖМ 12.03.2024 09:28 318

Семей қаласында аулалардан еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Семей қалалық ТЖД күштерімен тұрғын үйлердің аумақтарында, атап айтқанда, Қажымұқан, Репин, Красин және Городская көшелерінде қардың қарқынды еруі нәтижесінде пайда болған еріген суды айдау жүргізілуде.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта аталған көшелерде еріген қар суын айдау жұмыстары аяқталды. Барлығы 1200 текше метрден астам су сорылды.

ЖАО мен ТЖД қызметкерлері жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға