Семейде ер адам көпірдің үстіне шығып алып, секірмек болған жерінен төмен түсірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық полицияға жергілікті тұрғыннан 28 жастағы азаматтың көпірдің аспалы құрылымына шығып алғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер ақпаратты растады. Бұл ақпарат бірден Абай облыстық ТЖД-ның құтқару бөлімшелеріне жеткізілді. Сол мезетте полицейлер құтқарушылар келгенше жігітпен келіссөз жүргізді.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері альпинистік құралдарды пайдаланып, аспалы көпірдің бағанасына шығып, ер адамға жетіп, оны төмен түсірді.
Қазіргі уақытта 28 жастағы облыс тұрғыны психикалық денсаулық орталығына жеткізіліп, мамандар онымен жұмыс істеп жатыр. Ер адамның мұндай әрекетке бару себептері анықталып жатыр.
Семей тұрғыны қаладағы көпірден секірмек болды
Оқи отырыңыз
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?