Жаңалықтар

Семей қаласының қазандықтары жылу беруге дайын

Семей қаласының қазандықтары жылу беруге дайын
Фото: Абай облыстық әкімдігі 08.10.2023 00:26 574

Бүгін облыс әкімі «Ғаббасов» қазандығын, магистральдық жылу желілерін және 401 кварталдағы жылу орталығын тексерді. Бұл туралы Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

«Ғаббасов» жылу орталығындағы қазандықтар тесттік түрде іске қосылып, жұмысы тексерілді. Бүгінде қазандықтар жылу беру маусымына дайын.

Келесі аптада әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету үшін қазандықтарды іске қосамыз. Жалпы қалаға 15 қазанда жылу беріледі. Халық күтіп отыр, біз тұрғындарға жүргізілген жұмыстардың сапасына кепілдік беруіміз керек. Қала әкімдігі мен жауапты органдар жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарының аяқталуын қадағалап қана қоймай, үйлердің жылу беруге дайындығын тағы да тексеруі керек, — деді Нұрлан Ұранхаев.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жасалған жылу магистральдары мен желілерін жабу, сондай-ақ жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға