Семей қаласында жаңа саябақ салынады, деп хабарлайды El.kz Абай облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Саябақ қаланың оң жағалауында орналасқан Бегалин көшесінің қиылысынан бастап Челюскинцев көшесінен Силин көшесіне дейінгі бөлігінде тұрғындардың демалуына және бос уақытын өткізуге арналады деп жоспарлануда.
Ауданы 0,2 га аумақта тротуар плиталарынан жаяу жүргіншілер жолдарын орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Мұнда балалар ойын алаңдары орнатылып, жарық түсіріліп, ағаш отырғызылады.
Бұл аймақ бұрын қоқыс пен ағаш кесінділеріне толы болған. Жұмыс биыл қараша айында аяқталады деп күтілуде.
Семей қаласында жаңа саябақ салынады
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары