Жаңалықтар

Сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

18-20 қазанда таулы аудандарда 2 градус үсік жүреді
Сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
18.10.2022 07:35 5588

Қазгидромет 18 қазанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.

18 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болжанады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Күндіз Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 18 қазанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 18-20 қазанда түнде таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 18-20 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде 18-20 қазанда таулы аудандарда 2 градус үсік жүреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға