Жаңалықтар

Щучинск қаласында биатлоннан жазғы Азия чемпионаты басталды

Щучинск қаласында биатлоннан жазғы Азия чемпионаты басталды
Фото: gov.kz 31.08.2023 00:20 792

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында Биатлоннан Азия чемпионатының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық жарысқа Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Оңтүстік Кореядан 130 спортшы қатысуда. Чемпионат үш жас тобы бойынша өтеді.  Ерлер/әйелдер, жасөспірімдер/жеткіншектер және ұлдар/қыздар арасында төрт пән бойынша медальдар ойналады.

Биатлоннан Азия чемпионатының алғашқы жарысы ертең, 31 тамызда өтеді. Спортшылар жеке жарыстарда өнер көрсетеді. Щучинск қаласындағы халықаралық жарыс 4-қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстандық спортшыларды стадион трибуналарынан қолдауға келіңіздер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға