Түркістан облысында үйленіп жатқан жігіт пен достары жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде полицейлердің назарына той салтанатын ұйымдастырған жастар ілікті.
Онда жас жігіттер шектен шығып, аспанға қандай да бір қарумен оқ атып, кортеждегі жүргізушілер жол ережесін бұзып, авариялық жағдай туғызғаны бейнеленген.
Оқиға Сайрам ауданында болғаны белгілі болды. Бейнежазбадағы оқ атқан 19 жасар тұрғыннан түсініктеме алынып, оның қолындағы сигналдық зат болып шықты. Жас жігітке ҚР ӘҚБтК-нің 485-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды.
Сонымен қатар жол ережесін бұзған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Ал Hyunday Santa Fe көлігіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі, 603-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2-бөлігімен шара көрілді. Оған қоса Mercedes Benz жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілігі қаралды.
Сайрамда той үстінде күйеу жігіт аспанға оқ атты
Оқи отырыңыз
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар