Жаңалықтар

Сайлаушылардың дауыс беруге деген қызығушылығы жоғары болды – халықаралық байқаушы

Сайлаушылардың дауыс беруге деген қызығушылығы жоғары болды – халықаралық байқаушы
Фото: El.kz 20.03.2023 10:45 656

Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі төрағасы, ҰҚШҰ ПА әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Александр Иванович Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы заң аясында өтті дейді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сайлау алдында саяси партия өкілдерімен кездестік. Парламент Сенатына бардық. Сайлау күні сайлау учаскелерінің ашылу кезеңіне қатыстық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік жасалғанын көрдік. Сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес өтті. Ешқандай құқық бұзушылық орын алған жоқ. Сайлаушылардың дауыс беруге деген қызығушылығы жоғары болды, - деді ол. 

Сонымен қатар Александр Маркевич сайлау учаскелерінің жұмысына көңілім толды деп сөзін қорытындылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға