Жаңалықтар

Сайлаушылар тізіміне 11 млн 950 мың 485 сайлаушы енді

Өңірлерде сайлаушылар тізімі пысықталды
Сайлаушылар тізіміне 11 млн 950 мың 485 сайлаушы енді
Фото: baq.kz 31.10.2022 18:25 1858

ОСК комиссияның орталығында кезекті 23-ші отырыс өтті, деп хабарлайды El.kz

Отырыста сайлау учаскелеріне сайлаушылар тізімін беру, дауыс беруге арналған бюллетень мәтінін бекіту және оларды дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы мәселелер қаралды.

"Сайлаушылар тізіміне 11 миллион 950 мың 485 сайлаушы енді. Осы санына қарай бюллетеньдер дайындалады. Сондай-ақ, дауыс беру құқығын беру үшін есептен шығару бюллетеньдерін жасау кезінде сайлаушылар саны ескеріледі", — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров. 

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров отырыста өңір аппарат басшыларымен байланысқа шықты. Сайлауалды дайындықтарын талқылап, сайлаушылар тізімімен таныс болды.
Аумақтық сайлау комиссияларына бақылауды жалғастыру керек екенін айтты.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман сайлау бюллетеннің уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Және халықаралық 76 бақылаушы аккредиттеуден өткенін хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға