Жаңалықтар

Сайлаушылар белсенділік танытуда

Сайлаушылар белсенділік танытуда
Фото: El.kz 19.03.2023 09:06 913

Бүгін көптен күткен саяси дода өтіп жатыр. Таң сәріден Астана қаласының №393 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беріп жатқандардың легі көп, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сайлаушылар белсенділік танытуда

“Бүгін таңмен таласып ерте тұрып, жұбайым екеуіміз еліміздің болашағы және балаларымыздың келешегі үшін  нөмір №393 сайлау учаскесіне келіп дауыс бердік. Елімізде алғаш рет осындай мажоритарлық сайлау болып жатыр. Көппартиялар өз кандидаттарын ұсынды. Соның ішінде танитын азаматтар да бар. Сол себепті ерте тұрып, өз таңдауымызды жасадық”, - деді Астана қаласының тұрғыны Ерлан Қайырбеков.

№393 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Пірман Шериевтің айтуынша сайлау учаскесінде 1972 сайлаушы тіркелген.

Айта кетейік, ОСК ақпараты бойынша учаскелер саны - 10 223. Оның ішінде шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 62 елде 77 учаске бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға