Жаңалықтар

Сайлауға шет мемлекеттен 330-ға жуық байқаушы келеді

Бұл туралы ОСК хатшысы айтты
Сайлауға шет мемлекеттен 330-ға жуық байқаушы келеді
Фото: El.kz 02.02.2023 11:48 1229

Бұл туралы ОСК отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Сайлауда халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселелері бойынша ОСК хатшысы Мұхтар Ерман баяндады. 

"ҚР Сыртқы істер министрлігі сайлауды байқауға қатысу үшін 10 халықаралық ұйымға тиісті шақырулар жіберілді. ОСК 34 шет мемлекеттің ОСК шақыру берді. Бүгінгі таңда ОСК СІМ бір шет мемлекеттен екі халықаралық ұйымнан 25 байқаушыны аккредитациядан өткізуді ұсынды. Оның ішінде, Палестин мемлекетінен — 1 байқаушы ұсынылған болатын. ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан —11 байқаушы, сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясынан — 13 байқаушы. Аккредиттеу туралы жаңалықтар жаңартылып отырады. Шет мемлекеттен ұзақ және қысқа мерзімді байқаушылардан 330-ға жуық байқаушы келеді деп күтілуде", — деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға