Жаңалықтар

Сайлауға Шанхай ынтымақтастық ұйымынан 18 байқаушы қатысып жатыр

Сайлауға Шанхай ынтымақтастық ұйымынан 18 байқаушы қатысып жатыр
Фото: El.kz 19.03.2023 18:00 549

Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілі мәжіліс және маслихат сайлауына пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің ұйымнан сайлау науқанын 18 байқаушы бақылау жүргізіп жатыр. Делегеция құрамында майталман мамандар бар. Қызметімізді жарлыққа сай атқарамыз. ТМД 200-дей байқаушы жіберген. Барлығының айтуынша оғаш жайттарды кездестірмеді. Сайлау учаскелерінің атмосферасы қалыпты, – дейді Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов.

Байқаушы қандидаттардың орташа жасын атап, жастардың билікке деген құштарлығын атап өтті.

Саяси процестердің жандануы жаңа кезеңге қадам болып табылады. Дауыс беруді есептеу ашық өткізіледі. Бұл да бір қоғаммен бірге болудың айқын көрінісі. Сайлау учаскелеріне бекітілген комиссия мүшелері де адал жұмыс жасап жатыр. Кандидаттарды жасы мені таң қалдырған болатын. Бұл арқылы билікке заманауи көзқарас енетін болады, – деген пікірін білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға