Жаңалықтар

Сайлауға қатысушы жас кандидаттардың саны артқан

Сайлауға қатысушы жас кандидаттардың саны артқан
Фото: El.kz 20.03.2023 12:15 969

«Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогы өз жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Блоктың бастамашылары Ерқанат Көпжасар, Ақбөпе Тәңірберген және Нұрсұлтан Құрман әртүрлі партиялардың 100-ден астам жас кандидаттары мен өзін өзі ұсынған кандидаттарды қамтығанын атап өтті.

««Жастар үні» блогы бүгінде өз жұмысын қорытындылауда. Ақпан айында құрылған кезімізде біз ешқандай ұйым емес немесе ешқандай қозғалыс емес, бұл блок екенін түсіндірдік. Блоктың басты мақсаты биылғы Парламенттің Мәжіліс депутаттарын және мәслихат депутаттарын сайлауда 35 жасқа дейін жастардың барлығын қолдау. Блок құрылып, пресс-конференциямызды өткізген күннен бастап өңірлерден хабарласып, блокка мүше болуға ниет білдіріп жатқандары көп болды. «Жастар үні» блогы жас кандидаттарды халыққа таныстыруға, олардың белсенділігін көрсетуге тырыстық. Дегенмен бұл ешқандай да үгіт насихат жұмысы емес», - деді Нұрсұлтан Құрман.  

Биылғы сайлауда жастардың қатары өте көп. Блок тек жастарға ақпараттық қолдау көрсетіп қана отырғанын айта кетті.  

«Жас кандидаттардың партиясына қараған жоқпыз. Мәжіліс па, мәслихат па, бір мандаттық жүйе болсын барлығын бірдей өолдау мен көмек көрсетілді. Барлық партияның тізімінде кімдер барын алдын ала қарадық, зерделедік. Партия мүшесінде жастар қаншалықта бар? Жастарға 30 % бөлінген квота шартын қаншалықты орындап жатқанына назар аудардық. Атап өтсек,   Ақжол партиясында 54 адамның 6-ы  жас кандидат болды, Байтақ партиясында 18 адамның 1-і жас кандидат, Respublica партиясында 25 адамның 5-і жастар санатына кіреді, Amanat партиясынан қатысып отырған 90 адамның 17-і жас кандидат, Халық партиясының тізіміндегі 52 адамның 3-і жас кандидат, Ауыл партиясында 25 адамның  3-ы жас кандидат», - деді Ақбөпе Тәңірберген.

Еуразиялық интеграциялық институтының сараптамасына сәйкес Amanat партиясы 38-40 орын, Ауыл партиясы 8, Respublica партиясы 6, Ақжол партиясы 6, Халық партиясы 5, ЖСДП Мәжілістен 4 орын алуы тиіс екенін атап өтті.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға