Жаңалықтар

Сайлауға қатысу жалпыхалықтық мейрам – Асанәлі Әшімов

Ол Алматы қаласындағы N382 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді
Сайлауға қатысу жалпыхалықтық мейрам – Асанәлі Әшімов
Фото: qazaqstan.tv 20.11.2022 12:51 1292

Қазақстанның Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр актері, режиссер Асанәлі Әшімов, Алматы қаласындағы N382 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Қанша сайлау болса сонша рет сайлауға қатысып келемін. Қатыспай қалған күнім болған жоқ. Жастарға да айтарым сайлауға қатысып, өзінің кандидатын сайлау қажет. Сонда кейін жұмыс істеп жүргенде де өзінің ар-ұятының алдында жауапкершілігі болатын болады. Сонда ғана ол "толық адам" болып қалыптасады.  Ал, "ой, қойшы" деп, сайлау "анау-мынау" деп жүрген болса, ондайды мен "толық адам" деп есептемеймін. 
Бұл әрбіріміздің азаматтық борышымыз! Сайлауға қатысу жалпыхалықтық мейрам деп есептеймін" деді Асанәлі Әшімов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға