Жаңалықтар

Сайлауға келген тұрғындарға көмек көрсетеміз – ерікті

Анель Бақытжанқызы волонтерлік жұмысты енді қолға алып жатқандығын айтты
Сайлауға келген тұрғындарға көмек көрсетеміз – ерікті
Фото: El.kz 20.11.2022 09:22 1044

№139 сайлау учаскесі «Астана» концерт залында еріктілер сайлауға дауыс беруге келген қарапайым халыққа көмек көрсетуде, деп хабарлайды El.kz.

Сайлауға ерікті ретінде келген Анель Бақытжанқызы волонтерлік жұмысты енді қолға алып жатырмын дейді.

«Өзім ауылдан болған соң бізге ерікті ретінде қызмет етуге мүмкіндік болған жоқ. Волонтерлік жұмысқа енді кірісіп жатырмын. Маған адамдарға көмектескен ұнайды», - дейді ерікті.

Оған қоса ол сайлау күні келген дауыс берушілерге қалай көмек көрсетіп жатқанын атап кетті.

«Сайлау күні дауыс беруге келген тұрғындарға көмек берудеміз. Учаскелерді көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі жандар келсе, барынша жәрдемдесуге тырысамыз. Еліміз, болашағымыз үшін қызмет етіп жатқанымызға қуаныштымын», - деді Анель Бақытжанқызы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға