Жаңалықтар

Сайлаудың жүз пайыз әділ өтетініне күмәнім жоқ - Ерлан Қошанов

Сайлаудың жүз пайыз әділ өтетініне күмәнім жоқ - Ерлан Қошанов
Фото: El.kz 19.03.2023 08:25 637

«Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті мәжілісінің және маслихаттар депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Халықтың белсенділігі өте жоғары. Бүгінгі саяси өмірге араласуға деген құлшынысының артқандығын байқап отырмыз.  Мемлекетімізге адал қызмет ететін, өзінің саласына нақты жауап беретін азаматтар ел басқаруға келуі керек. Мен өз дауысымды нық сеніммен бердім. Бүгінгі күнгі ашықтықты көре отыра, сайлаудың жүз пайыз әділ өтетініне күмәнім жоқ, - дейді төраға.

Өз сөзінде, Шымкент қаласында бюллитендердің жарияланғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа көзқарасын білдірді.

Жағдайдың анық-қанығына жетпей қандай да бір ақпарат таратуға болмайды. Араңдатушылық па, басқа ма білмейміз. Бекітілген тиісті органдар, сайлау комиссиялары тексеріс жүргізіп хабарын береді, - деді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға