Жаңалықтар

Сайлаудың өту барысына толығымен көңілім толды – Азамат Жылтыркөзов

Сайлаудың өту барысына толығымен көңілім толды – Азамат Жылтыркөзов
Фото: El.kz 20.03.2023 16:44 645
Белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Ол әрбір қазақстандық сайлауға дауыс беруге қатысуы қажет деп есептейді.
 
19 наурызда таңертең №57 сайлау учаскесіне барып, таңдауымды жасап, өз дауысымды беріп келдім. Сайлаудың өту барысына толығымен көңілім толды. Себебі сайлау комиссиясының мүшелері, байқаушылар өз қызметін жоғары деңгейде атқарды. Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жағдай жасалған. Халық еркін таңдау жасап, өз дауысын берді, - дейді әнші.
 
Сонымен қатар Азамат Жылтыркөзов ендігі кезекте сайлаудың нәтижесін күтіп отырмын дейді.
 
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мен үшін сайлауда дауыс беру өте маңызды. Өйткені еліміздің болашағы үшін Мәжіліс пен мәслихатта отыруға лайық, халықтың сөзіне құлақ асатын депутаттарды іріктеп алу керек. Оның нәтижесін алдағы уақытта білетін боламыз. Әзірге кімдердің сайланатыны нақты белгісіз, - деді ол.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға