Жаңалықтар

Сайлауда жас кандидаттарды қолдайтын «Жастар үні» блогы құрылды

Сайлауда жас кандидаттарды қолдайтын «Жастар үні» блогы құрылды
Фото: facebook.com/theyakov 20.02.2023 20:20 1200

Алдаңы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауында жас кандидаттардың депутат болуы үшін күресетін жаңа қозғалыс құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Елімізде іргелі өзгерістер болып жатыр. Біз, жастар осы өзгерістердің басы-қасында болуымыз керек. Себебі, біз мемлекеттің тірегі ретінде тек қана оң өзгерістердің болғанын қалаймыз. Қазір еліміздегі жастардың саны 6 млн-ға жуықтады. Бұл үлкен күш.
Бірақ өкінішке қарай, ауылда да, қалада да жұмыссыз, баспанасыз жүрген жастар көп. Осындай өзекті мәселелерді шешу үшін, біз саяси өмірге белсенді араласуымыз керек. Бұл біздің басты парызымыз.
Иә, жастардың бойында өжеттілік, еліміз үшін абыройлы іс атқаруға деген шынайы құлшыныс бар.
Сондықтан, алдағы өтетін сайлауда белсенділік танытып, қоғам арасында қолдаушылары бар жастардың қатысқанын қалаймыз. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік. Ел үшін пайда.
Олай болса, өзіндік ұстанымы бар жас буын Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттарының қатарынан табылуы қажет. Ол үшін біз бірігіп күресеміз. Әрбір жас кандидатқа дауыс жинауға көмектесеміз.
Осындай қоғамдық істі бастау үшін – біз «ЖАСТАР ҮНІ» – жас кандидаттарды қолдау блогын құрамыз", - деп жазды Ерқанат Көпжасар.

Жаңа қозғалыстың міндеттері:

- Алдағы сайлауда өзіндік ойы бар, жастар арасында абыройы биік азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету.
- Оның партиялық мүшелігіне қарамастан, өңірдегі белсенді әрі қоғам қолдауына ие жастарды бір арнаға тоғыстыру;
- Еліміздің жастарын осы сайлауда жас кандидаттарға нақты дауыс беруге шақыру.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға