Жаңалықтар

Сайлауда дауыстарды санау қалай жүреді?

Сайлауда дауыстарды санау қалай жүреді?
Фото: El.kz 17.03.2023 12:39 1186

"Адал сайлау үшін" штабының мүшелері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Штаб мүшесі Думан Жампейісов сайлау учаскесіндегі дауыстарды санау тәртібі туралы түсіндірді.

Мәселен, Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау кезінде, барлық сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін бюллетеньдері бар жәшіктер ашылғанға дейін учаскелік сайлау комиссиясы бюллетеньдер алған сайлаушыларды сайлаушылардың тізімдері бойынша есептейді және олардың жалпы санын айқындайды. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы не оны алмастыратын комиссия мүшесі санау нәтижелерін жария етеді және оларды дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаға енгізеді, дейді Думан Жампейісов.

Дауыстарды санау әрбір кандидат, әрбір саяси партия, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар бюллетеньдер бойынша жеке жүргізіледі.

Бюллетеньдердің белгіленбеген үлгідегі;

тиісті сайлау комиссиясы мүшесінің қолы жоқ;

мәслихаттардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан басқа өзге де мүшелерді сайлау кезінде дауыс беруді қоспағанда, біреуден көп саяси партия, біреуден көп кандидат белгіленген;

белгі қарындашпен қойылған, тазартудың немесе қолдан жасаудың өзге де тәсілінің іздерін тағатын, сондай-ақ сайлаушылардың ерік білдіруін айқындау мүмкін болмайтын жағдайларда жарамсыз деп танылады.

Дауыстарды тікелей санау кезінде жарамсыз сайлау бюллетеньдері дауыс беруге қатысқан сайлаушылар бюллетеньдерінің қатарынан шығарылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға