Жаңалықтар

Сайлауда әлемнің 23 елінен 106 журналист ақпарат таратты

Бұл туралы СІМ ресми өкілі айтты
Сайлауда әлемнің 23 елінен 106 журналист ақпарат таратты
Фото: El.kz 21.11.2022 18:24 604

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«264 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары сайлау процесі туралы ақпарат таратты. Қызығушылық өте жоғары болды. Олар барлық ел бойынша өткізілген брифингтерге қатысты. БАҚ өкілдері тек елордада ғана емес, сонымен қатар түрлі қалаларға, елшіліктер жанындағы сайлау учаскелеріне барды», - деп мәлім етті Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, сайлауда ақпарат тарату үшін әлемнің 23 елінен келген 106 журналист уақытша аккредиттелген. Ал жалпы Қазақстанда 13 елдің бұқаралық ақпарат құралдарының атынан 158 журналист тұрақты жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға