Жаңалықтар

Сайлау заңға сәйкес өткеніне көзіміз жетті – халықаралық байқаушы

Сайлау заңға сәйкес өткеніне көзіміз жетті – халықаралық байқаушы
Фото: El.kz 20.03.2023 10:18 664

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығының брифингінде Миссия басшысы, Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол сайлау кезінде қандай да бір заң бұзушылықты байқамағандарын айтты. 

Миссия өзінің жұмысын заңнамаға, халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізді. Делегация №431 сайлау учаскесіне барды. Миссия 32 сайлау учаскесіне барды. Қандай да құқық бұзушылық байқалған жоқ. Сонымен қатар дауысты санауға қатысты №372 сайлау учаскесінің жабылып, дауыс санау барысына қатысты. Сайлау заңға сәйкес өткеніне көзіміз жетті, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға