Жаңалықтар

Сайлау учаскілерінде жастар легі аз – халықаралық бақылаушы

Бұл туралы Манчестер кеңесінің мүшесі, заңгер Чохан Абид Латиф айтты
Сайлау учаскілерінде жастар легі аз – халықаралық бақылаушы
Фото: qazaqstan.tv 20.11.2022 11:41 1245

Кезектен тыс Президенттік сайлаудың ашық әрі әділ өтуін бақылауға мемлекетке алыс-жақын шет елден 641 бақылаушы келді. 10 халықаралық ұйымнан 532 бақылаушы, 35 елден 109 бақылаушы сайлау учаскілерінде қызметте, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сонымен қатар әлемнің 38 елінен БАҚ өкілдері келіп, жаңалықтармен бөлісіп жатыр. Манчестерден келген адам құқықтары жөніндегі заңгер бірнеше сайлау учаскілерінде болып, өз пікірін білдірді.

«Сайлау басталған сәттен бастап, азаматтар толассыз келіп жатыр. Халықтың мемлекет болашағына бейжай қарамайтындығы қуантты. Бірақ жастар легі аз. Сайлау уақыты аяқталғанға дейін жастарда өз үлесін қосады деген сенімдеміз. Жастар міндетті түрде қамтылуы керек. Себебі олар – ел болашағы», – дейді Абид Чохан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға