Жаңалықтар

Сайлау учаскелерінде дауыс беру ашық және тыныш өтіп жатыр – бақылаушы

Сайлау учаскелерінде дауыс беру ашық және тыныш өтіп жатыр – бақылаушы
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.10.2024 09:00 306

Бүгін, 6 қазанда, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының өкілі Әлия Әубәкірова Астанадағы 352 ашық сайлау учаскесінде дауыс беру ойдағыдай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлия Әубәкірованың сөзінше, «Дауыс» тәуелсіз бақылаушылар коалициясының бақылаушылары сайлау учаскелеріндегі жұмысына белсене атсалысуда.

Дауыс беру тыныш, ашық өтіп жатыр. Құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Тұрғындар азаматтық белсенділік танытып, учаскелерге көтеріңкі көңіл күймен келуде, - деді коалиция өкілі.

Айта кетейік, Республикада АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум 6 қазан Астана уақытымен сағат 07.00-де басталды. Сайлау учаскелері қызметін кешкі сағат 20:00-ге дейін атқарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға