Жаңалықтар

Сайлау қорытындысы. Сенат депутаттарының құрамы 80%-ға жаңарды

Сайлау қорытындысы. Сенат депутаттарының құрамы 80%-ға жаңарды
Фото: El.kz 16.01.2023 12:38 4416

Сенат сайлауының қорытындысы туралы ОСК кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

14 қаңтарда өткен Парламент Сенатының депутаттығына әр өңірден 20 сенатор сайланды.

«Бұл сайлауда баламалық қағидаты сақталып, кандидаттардың бәсекелес деңгейі жоғары болды. Орташа есеппен бір орынға 6 адамнан аса үміткерден келді. Сенат депутаттығына 130 кандидат ұсынылып, 55 кандидат дауысқа түсті және Сенат сайлауында кандидаттардың және депутаттық мандатқа ие болғандардың басым бөлігі өзін-өзі ұсынушылар болды. Бұл азаматтық қоғамда жеке саяси мүдденің артып келе жатқанын көрсетеді», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Аумақтық сайлау комиссияларының дерегі бойынша сайлауда дауыс беруге 3167 таңдаушының 2904 немесе 91,7 пайызы қатысқан. Бәріне қарсымын бағаны бойынша дауыс беру құқығын барлық өңірдің таңдаушылары қолдана алғаны айтылды.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров:

«Сайлау бюллетендеріне 55 кандидат енгізілді. Облыстар мен қалаларда дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 50 пайыздан астам дауысы жиналды.

Атап өтсек:

Абай облысынан Қайрат Тастекеев,

Ақмола облысынан Талғат Жүнісов,

Ақтөбе облысынан Амангелді Нұғыманов,

Алматы облысынан Жанболат Жөргенбаев,

Атырау облысынан Әлібек Нәутиев,

Батьс Қазақстан облысынан Арман Өтеғұлов,

Жамбыл облысынан Сәкен Арубаев. 

Ал Жетісу облысынан Амангелді Төламисов,

Қарағанды облысынан Серік Өтешов,

Қостанай облысынан Ғауез Нұрмұхамбетов,

Қызылорда облысынан Руслан Рүстемов,

Маңғыстау облысынан Бекбол Орынбасаров,

Павлодар облысынан Ернұр Әйткенов,

СҚО Гүлмира Кәрімова,

Түркістан облысынан Мұрат Қадырбек,

Ұлытау облысынан Советбек Медебаев,

ШҚО Шәкәрім Бұқтұғұтов,

Астана қаласынан Бибігүл Жексенбай,

Алматы қаласынан Жанна Асанова,

Шымкент қаласынан Нұрлан Бекназаров.

Осылайша, сайланған депутаттардың ішінен 3 әйел, 17 еркек, оның орташа жасы 53, 8 жас, 4-еуі қазіргі Парламент Сенатының депутаттары, 5-еуі облыстық мәслихат хатшылары», – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға