Жаңалықтар

Сайлау – елдегі тұрақтылықты нығайтады

Президент мандатын бір мерзіммен 7 жылдыққа дейін созу туралы қабылданған шешім басталған реформалардың аяғына дейін жетуіне септігін тигізеді деп есептеймін
Сайлау – елдегі тұрақтылықты нығайтады
Фото: abai.kz 10.10.2022 18:17 1737

Елімізде 20-қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Оған қатысты саясаттанушы Әділ Сайлаубек пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz.

«Президент сайлауын өткізудің маңызды себептерінің бірі – әлемде болып жатқан дағдарыстарға төтеп беру. Аумалы-төкпелі заманда басталған реформалардың іске асуына, әлемдік деңгейде, тең дәрежеде бәсекелестікке қабілетті болып, елдегі экономика мен әлеуметтік жағдайдың дамуына бір ықпалын етеді деп ойлаймын», - деді ол.

Сонымен қатар Әділ Сайлаубек егер сайлау 2024 жылы өткенде бірқатар қиындықтар тууы мүмкін еді деген пікірін алға тартты.

«Алдағы уақытта өтетін сайлау – ең алдымен елдегі тұрақтылықты нығайтады. Егер сайлау жоспарланған уақытында, яғни 2024 жылы өткенде, белгілі бір қиыншылықтардың тууы мүмкін еді. Сондықтан Президент мандатын бір мерзіммен 7 жылдыққа дейін созу туралы қабылданған шешім басталған реформалардың аяғына дейін жетуіне септігін тигізеді деп есептеймін», - деді саясаттанушы.


Әділ Сайлаубек билік басына лайықты басшы отырады деп сенеді.

«Қазіргі уақытта Президенттікке үміткерлер өз өтініштерін білдіріп жатыр. Алда әлі тағы да басқа кандидаттар ұсынылуы ықтимал. Президенттік талапқа сай, өзін мемлекет басшысы ретінде көре алатын азамат сайланады деп ойлаймын», - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға