Жаңалықтар

«Сайлау-2023» онлайн марафоны аяқталды

«Сайлау-2023» онлайн марафоны аяқталды
Фото: Qazaqstan.tv 20.03.2023 01:21 969

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған 16 сағаттық «Сайлау-2023» онлайн марафоны аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау бойынша политейнмент және инфотеймент форматында өткен шараға 2 мыңға жуық адам қатысты. Онлайн марафонды еліміздегі ең танымал 18 тележурналист жүргізді.
 
Марафонның дискуссия алаңында әртүрлі тақырыпта 60-қа жуық спикермен сұхбат жүргізді, ал TEDx алаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүльфия Сүлейменова, Сенат депутаты Ләззат Қалтаева, академик Асқар Жұмаділдаев, бүркітші Айшолпан Нұрғайып ойларын ортаға салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға