Жаңалықтар

Саят Медеуов өзін әнші деген атқа лайық еткен әнді атады

Саят Медеуов өзін әнші деген атқа лайық еткен әнді атады
Фото: instagram.com/sayatmedeuov_ 26.10.2023 17:02 889

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Саят Медеуов қай ән өзінің бағын ашқанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі «Қызықты weekend» жобасына берген сұхбатында «Бозторғай» әні оның өміріндегі орны ерекше ән екенін алға тартты.

Кенен атамыздың «Бозторғай» әні мені расымен де әнші деген атаққа лайықты етіп берді. «Кененнің әні – «Бозторғай», орындайтын - Қараторғай» деген лақап аттарым шықты. «Бозторғайды» орындайтын Қараторғайды шақырыңдаршы» деп те айтып жүрді.

Айта кетейік, өнер иесі биыл өзінің 50 жас мерейтойын үлкен шығармашылық кеш беріп атап өтпек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға