Жаңалықтар

Саяси партиялар арасындағы пікірсайысқа кімдер қатысады

Саяси партиялар арасындағы пікірсайысқа кімдер қатысады
Фото: elements.envato.com 09.03.2023 19:46 736

10 наурызда КТК телеарнасының тікелей эфирінде Мәжіліс сайлауы алдындағы кезекті пікірсайыс өтеді. Пікірсайысқа қатысатын 7 саяси партияның өкілдері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пікірсайысқа «Amanat» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Динара Шүкіжанова, Қазақстан халық партиясынан Ермұхамет Ертісбаев, «Байтақ» жасылдар партиясынан Айнұр Сәбитова, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Дәния Еспаева, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Асхат Рахымжанов қатысады.

Саяси партия өкілдері арасындағы пікірсайыс 10 наурыз күні сағат 21:00-де КТК телеарнасының тікелей эфирінен және арнаның YouTube, Facebook парақшаларында көрсетіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға