Жаңалықтар

Саяси партиялар арасындағы пікірсайыс басталды

Саяси партиялар арасындағы пікірсайыс басталды
Фото: El.kz 10.03.2023 21:09 1378

КТК телеарнасының тікелей эфирінде Мәжіліс сайлауы алдындағы кезекті пікірсайыс басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пікірсайысқа 7 саяси партияның өкілдері қатысуда. Олар «Amanat» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Динара Шүкіжанова, Қазақстан халық партиясынан Ермұхамет Ертісбаев, «Байтақ» жасылдар партиясынан Айнұр Сәбитова, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Дәния Еспаева және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Асхат Рахымжанов.

Алғашқы кезеңде «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев ауыл партиясы ұлттың әл-ауқатын арттыруға атсалысатынын айтты.
 
«Азық-түлік туралы заң қабылдауға көңіл аударамыз. Ешкімнің батылы жетпейтін агробанк құру мәселесін шешеміз. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін барлық салық түрлерін толық жоямыз. Ауылға жайлы тұрмысты қамтамасыз етуді көздейміз. Ауылдық елдімекендердің инфрақұрылымын қалпына келтіру және дамыту керек. Ауыл әйелдерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға көңіл бөліну қажет. Оларға жайлы жағдай жасалу және мемлекеттен қаржылық қолдау алуы қажет. Ауыл мен қала арасындағы білім және медициналық қызмет саласындағы алшақтықты барынша жою. Еліміз индустриалды және аграрлық державаға айналуы керек. Біз байқуатты дамыған ауыл мен қала қуатты мемлекет қалыптастырамыз», - деді Жигули Дайрабаев.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға