Жаңалықтар

Саяси партиялар арасындағы пікірсайыс басталды

Саяси партиялар арасындағы пікірсайыс басталды
Фото: qazaqstantv 01.03.2023 20:32 1699

Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялар пікірсайысының І кезеңі басталды. Бұл кезеңде партия өкілдеріне халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты ортақ сұрақ қойылады. Жалпы ұзақтығы 14 минут, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пікірсайысқа сайлауға түсетін 7 партия өкілі қатысады: 
▪️«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев,
▪️«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, 
▪️«Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, 
▪️Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков,
▪️«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев,
▪️«Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов,
▪️Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев. 

Пікірсайыс 4 кезең бойынша өтеді. 1-кезеңге жалпы 14 минут берілген. Осы уақыт ішінде әр партия өкілі ортақ сұраққа жауап береді.

33 минутқа созылатын 2-кезеңде партия өкілдері бір-біріне сұрақ қояды. Сұрақ қоюға 30 секунд, жауап беруге 4 минут бөлінеді.

3-кезең ұзақтығы да 14 минутқа созылады. Бұл кезеңде де пікірсайысқа қатысушыларға ортақ сұрақ болады.

Ал, қорытынды 7 минуттық 4-кезеңде әр партия өкілдері 1 минуттың ішінде сайлаушыларға үндеу жасайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға