Жаңалықтар

Саяси партия өкілдері сайлаушылармен кездесті

Саяси партия өкілдері сайлаушылармен кездесті
Фото: El.kz 28.02.2023 18:15 815

Бүгін Астанада депутаттыққа кандидаттар, Respublica партиясының өкілдері Қуанышбек Мұқаш, Олжас Құспеков және Бақытбек Хамит тау-кен, металлургия және осы салалардағы технологиялық материалдар мен жабдықтар жеткізетін уәкілетті дилер PES Global компаниясының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиын барысында партия өкілдері кәсіпкерлердің дәл қазіргі мәселелерін талқылап, Respublica партиясының мақсат-міндеттеріне тоқталды.

«Respublica партиясының миссиясы – мемлекеттік басқару жүйесінде қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін біріктіруге және ұсынуға арналған саяси күш құру. Кәсіпкерлікті дамыту қазақстандық экономиканың жаңа драйверіне және ел азаматтарының әл-ауқатының негізіне айналады деп ойлаймыз», - деді Мәжіліс депутаттығына кандидат Олжас Құспеков.

Депутаттыққа кандидат Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, Қазақстан кәсіпкерлері бюрократия мен сыбайлас жемқорлыққа жиі ұшырайды, бұл адамдарды өз ісін жүргізуден алшақтатады, өйткені мұндай жағдайда бизнестің ұзақ мерзімді даму стратегиясын құру қиынға соғады.

Қазіргі жағдайда Қазақстанға кәсіпкерлік саласында сапалы өзгерістер қажет деп есептейді Respublica партиясы.

«Біз мектептен бастап қалыптасатын күшті және тұрақты кәсіпкерлік мәдениетті жасауға және дамытуға баса назар аударамыз. Екіншіден, нақты және тұрақты ережелері бар бизнесті қалыптастыру қажеттігін түсінеміз. Ол үшін сауатты әрі түсінікті салық кодексін әзірлеп, бекітуді ұсынып отырмыз, оны үш жыл бойы өзгертпеу керек», — деді Қуанышбек Мұқаш.

Осылайша, Respublica күшті кәсіпкерлік мәдениетті құруға және дамытуға баса назар аударады. Олар нақты және тұрақты ережелері бар бизнес-ортаны қалыптастыру; қолжетімді қаржы құралдары мен қызметтеріне кең қолжетімділікті қамтамасыз ету; адами капиталды дамыту; бюрократиялық кедергілерді азайту және квазимемлекеттік сектордың нарықтық билігін шектеу сияқты бастамаларды көтеріп отыр.

Сайлау алдындағы тур енді ғана қарқын алып келе жатыр. 19 ақпаннан бастап партия өкілдері Алматы, Талдықорған, Қонаев, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларында, сондай-ақ Сарыөзек ауылы мен Шиелі кентінде болды.

Партия мүшелері еліміздің барлық аймақтарын аралап, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылайды. Елдің түкпір-түкпіріндегі іс-шараларға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, тең төрағалар Динара Шүкіжанова, Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Қуаныш Шонбай, Максим Барышев, Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар қатысуда.

«AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Арқалық қаласының шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті.

Партиялықтар бизнесті жүргізу бойынша қарапайым ережелерді қамтамасыз етуге ұмтылатынын атап өтті. 2027 жылға дейін кем дегенде 15 мың артық реттеуші кедергі жойылады. Сондай-ақ, аманаттықтар ауыл шаруашылығы субсидияларын бөлуге байланысты проблемалық мәселелерді бақылауға алуға уәде берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға