Жаңалықтар

Саясатымызды дұрыс жүргізсек, ештеңеден ұтылмаймыз – Жигули Дайрабев

Президентікке үміткерлердің телевизиялық дебаты өтіп жатыр
Саясатымызды дұрыс жүргізсек, ештеңеден ұтылмаймыз – Жигули Дайрабев
Фото: Штабтың баспасөз қызметі 11.11.2022 21:19 1559

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі Ерлан Қошанов «Ауыл» партиясы атынан президенттікке кандидат Жигули Дайрабевқа сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz

"Сыртқы сын қатерлерде Президент белсенді саясат жүргізуде. Сол саясатты халық та, әлемде мойындап отыр. Сіздің ауыл шаруашылығының жілігін шағатынын білеміз. Сыртқы саясаттағы ұстанымыңызды білгіміз келеді" деп сұрақ қойды.

«Қасым-Жомарт Кемелұлының саясатын дұрыс қабылдаймыз. Халықаралық қауымдастықта қазақ мемлекеті өз орнын тапты. Енді біздің негізгі саясатымыз бейбітшілік ұстаным. Өзіміздің ішкі достықты айтпағанда, әлемдегі қауымдастық достығы өте тұрақты болу қажет. Арақатынасымыз ағайындық болу қажет. Шекарамызды бекемдеп, өзіміздің дұрыс саясатымызды жүргізіп отырсақ, ештеңеден ұтылмаймыз. Сондықтан Қазақстанның есігі әр мемлекетке ашық», - деді Жигули Дайрабаев.

Айта кетейік, Президенттікке кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға