Жаңалықтар

Саясаттанушы: Саяси реформалар 2019 жылдан басталды

Саясатпен көп адам айналыспаса да, барлығымыз сол саясатқа қатысты өмір сүреміз.
Саясаттанушы: Саяси реформалар 2019 жылдан басталды
Фото: liter.kz 28.09.2022 12:53 1898

Еліміздегі саяси өзгерістерге қатысты саясаттанушы Индира Рыстина өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды El.kz

«Саясатпен көп адам айналыспаса да, барлығымыз сол саясатқа қатысты өмір сүреміз. Ал сайлау туралы айтар болсақ, барлығы да асығыс, аяқасты болып жатқан секілді. Президент қыркүйектегі Жолдауында бір емес екі сайлау болатындығын айтты. Бірақ қыркүйетегі Жолдауға дейін саяси оқиғалардың ретін жіктеп қарайтын болсақ, сайлау осы реформалардың логикалық жалғасы екенін түсіне аламыз. Егер өзіміз сәл саралап қарайтын болсақ, үлкен саяси транзит 2019 жылы басталды. Бірінші президент кетіп, орнына қазіргі президент келді. Одан кейін, жазда сайлау болып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент болып сайланды. Сол кезден-ақ, саяси реформалар басталып кетті», - дейді ол.


Саясаттанушының айтуынша, ұлттық сенім кеңесі құрылып, бірінші, екінші, үшінші, төртінші саяси реформалардың пакеттері қабылданған.

«Соңғы жылдардағы саяси оқиғаларда біз ұмытып қалуымыз мүмкін. Бірақ саяси реформалар сол кезден ақырындап жүріп жатты. Бұл саяси реформалар қандай болды деген сұраққа келетін болсақ, сол кезде саяси партиялар туралы заңға өзгерістер енгізілді. Бұрын саяси партия құру үшін 40 мың адам керек болса, ол екі есеге азайып 20 мыңға түсті. Яғни, саяси партиялар белгілі бір дәрежеде саяси науқанға дайындала бастады. Одан кейін митингтер туралы заңға өзгерістер болды. Яғни, сөз бостандығына көбірек мүмкіндіктер бере бастадық. Оны да мойындау керек. Бұдан бөлек, сайлауда бәріне қарсымын деген баға шықты. Сайлауға барған кезде міндетті түрде біреуді сайлау керек деген ұстаным міндетті емес. Сайлауға барып, бәріне қарсымын деген процестік көңіл-күйді енжарлықпен емес, керісінше саяси белсенділікпен көрсетуге жол ашып отыр», - деді саясаттанушы.


Яғни, сарапшы саяси процестерді котализаторға айналды деп санайды. Көптеген өзгерістер сол кезде байқалып, саяси реформалардың бастауы да орын алып жатқан уақытта бірқатар мәселелердің де беті ашылды дейді.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға