Жаңалықтар

Саясат Нұрбек Өзбекстанның инновациялық даму министрімен кездесті

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті
Саясат Нұрбек Өзбекстанның инновациялық даму министрімен кездесті
Фото: gov.kz 21.12.2022 21:24 2259

​Мемлекет басшысының Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары даму министрі Саясат Нұрбек Өзбекстан Республикасының Инновациялық даму министрі Иброхим Абдурахмоновпен кездесті. Кездесу барысында ғылым саласындағы екіжақты қатынастар мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министр Саясат Нұрбек Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін дамыту жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде Иброхим Абдурахмонов өзі басқаратын министрліктің қызметі туралы айтты.

Талқылаулар барысында екі елдің министрлері ғылым саласындағы жаңа бірлескен бағдарламаларды іске асыру, оның ішінде ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мақсатында кешенді үкіметаралық келісімге қол қою туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, тәжірибе алмасуға және екі елдің ғылымын дамытуға, студенттер, оқытушылар, жас ғалымдар мен зерттеушілер алмасу бағдарламаларын іске асыруға қатысты бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Сапар аясында министр Саясат Нұрбек Alpha білім беру платформасының өкілдерімен кездесті. Басқосуда тараптар білім беру жүйесінің болашағы, lifelong learning – өмір бойы оқу тұжырымдамасы, «Күміс университет» тақырыптары бойынша пікір алмасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға